30 қыркүйекте Баку қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы мен қайталанбас сәулетін танытатын «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылады.Әзербайжан Ұлттық тарих музейінде өтетін көрме Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әзірлеуімен қолға алынып отыр. Экспозицияда көне Түркістанның тарихи-мәдени мұрасы, Ясауи кесенесінің сәулеттік ерекшеліктері мен эпиграфикалық жәдігерлері кеңінен таныстырылады. Айта кете...